Полиция қызметкері адамды өрттен құтқарды

Полиция қызметкері адамды өрттен құтқарды

13 маусымға қараған түні Жамбыл ауданының Кладбинка ауылында Мир көшесі бойында орналасқан үйден өрт шықты. Түнгі 01:40 шамасында патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторы Азат Әнуарбек жалынды байқайды. Сол кезде көршілерден қоңыраулар келіп түсе бастады.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция капитаны Әнуарбек үйдің төбесі мен кіреберіс есігі отқа оранғанын көреді. Учаскелік полиция инспекторы бұл үйде 53 жасар ауыл тұрғыны тұратын жақсы білетін. Өрттің ар жағынан дауыс естілді.

Азат терезені сындырып, түтін басқан үйді тексеруге кірісті. Төменгі жақта әлі де тыныс алуға мүмкіндік бар екенін байқаған ол, еденмен өрмелеп, түпкі бөлмеден көмекке шақырған үй иесіне жетті. Азат оны сынған терезеге қарай жеткізеді, сол жерден көршілері үй иесінің де, құтқарушының да сыртқа шығуына көмектеседі.

Келіп жеткен өрт сөндіру қызметкерлері өртті ауыздықтады. Ауыл тұрғынына медициналық көмек қажет болмады. Өз-өзіне келген үй иесі полиция қызметкеріне батыл әрекеті үшін шын жүректен алғысын білдірді.

«Қорқыныш сезімі болды, бірақ ол кейінірек келді, — дейді Азат. — Сол сәтте үрей мен қорқынышқа уақыт болған жоқ. Мен адамдарды құтқара алмай қалған өрттерді көрдім, сол себепті ажалға жол бермеймін деп шештім».

Полиция капитаны Әнуарбек полицияда 2016 жылдан бері қызмет атқарады, учаскелік полиция инспекторы лауазымында 2018 жылдан. Халықтың сеніміне ие. Ол барлық ауыл тұрғындарын өрттен сақ болуға және электр сымдарының жағдайын тексеріп тұруға, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда сабырлық сақтап, үйден шығу кезінде еденге жақын жүруге шақырады.