16 маусым — Медицина қызметкерлері күні

16 маусым — Медицина қызметкерлері күні

16 маусым Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Медицина қызметкері күніне арналған іс-шара өтті. Тәртіп сақшылары медицина қызметі мен СҚО ПД емханасы бар госпиталі қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин қиындығы мен жүктемесі көп қызметті алып жүретін қызметкерлердің денсаулықтарына бей-жай қарамайтын ақ халатты абзал жандардың баға жетпес еңбектерін атап өтіп, ведомствоның медицина қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ, СҚО ПД емханасы бар госпиталі қызмет көрсететін полиция ардагерлері де құттықтаудан тыс қалмады. Олар медицина қызметкерлерінің полиция өмірінде маңызды роль атқаратын айтып, ІІО зейнеткерлеріне деген қамқорлықтары мен жылылықтары үшін ризашылықтарын білдірді.