Полицейлер жазғы демалыс кезінде түнгі рейдтер жүргізуде

Полицейлер жазғы демалыс кезінде түнгі рейдтер жүргізуде

Полицейлер ескертеді: ата-әжелері, үлкен аға-апалары кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері болып саналмайды. Сондықтан балалардың олармен бірге түнгі уақытта көшеде жүруіне болмайды.

Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі – ювеналдық полиция қызметінің басты назарында. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу, балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары демалыс күндері ауқымды түнгі рейд өткізді. Оған қамқоршылық және білім бөлімдерінің өкілдері, Жастар бастамалары орталығының қызметкерлері мен еріктілер тартылды.

Тексеріс барысында жасөспірімдер жиі жиналатын орындарға – сауда орталықтары мен компьютерлік клубтарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар көңіл көтеру мекемелері де тексерілді. Полицейлер 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүрген 25 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.

Кей жағдайда балаларға жақын туыстарына еріп жүреді. Полицейлер еске салады: заңды өкілдер ретінде тек ата-аналар немесе олардың орнын басатын адамдар ғана танылады. Ата-әжелері, үлкен аға-апалары кәмелетке толмағандар үшін заң жүзінде жауапты бола алмайды.

Мұндай рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.