Петропавлда полицейлер кәмелетке толмаған “жүргізушіні” анықтады

Петропавлда полицейлер кәмелетке толмаған “жүргізушіні” анықтады

Жыл басынан бері СҚО-да 184 жол-көлік оқиғасы орын алып, 7 адам қаза тапты, 256 адам жарақат алды. Мұндай жағдайларды алдын алу мақсатында полицейлер “Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейдтер жүргізілуде. Іс-шара 19 сәуірден бастап өткізіліп жатыр. 350-ден астам полиция қызметкерлері басқа ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, қала сыртындағы трассалар мен елді мекендердің көшелерінде тексеріс жүргізуде.

Петропавлдағы Интернациональный және Смирнов көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары “Audi" автокөлігін тоқтатты, рөлде 17 жастағы қала тұрғыны болған. Кәмелетке толмағандықтан, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Тексеру көрсеткендей, ол бұрын мұндай құқық бұзушылық жасаған. Заңды өкілге бір жыл ішінде қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тура келді.

Ішкі істер органдары жолдағы аппаттылық қаупін азайту үшін ата-аналарды балаларына ерекше қарауға және олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады.

Жол жауапкершілікті талап етеді, ал басқару құқығынсыз жүру — қозғалыстың барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. Сонымен қатар, "Қауіпсіз жол" ЖПІШ өткізу кезінде облыста осындай 135 жағдай анықталды. Сонымен қатар, басқару құқығынан айырылса да көлікті тізгіндеген 72 жүргізуші жауапқа тартылды.

ЖПІШ шеңберінде тәртіп сақшылары 8 мыңнан астам түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзуды, оның ішінде 155-і көлікті масаң күйде басқарғанды анықтады.