И. Шухов атындағы кітапханада патриоттық сағат өтті

И. Шухов атындағы кітапханада патриоттық сағат өтті

4 маусым күні сағат 15:00-де И. Шухов атындағы кітапханада Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық сағат өтті. Бұл шарада полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер бас қосып, еліміздің мәдени мұрасын тереңірек түсіне алды.

Шараның мақсаты -патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздердің, яғни ту, герб және әнұранның маңызы мен олардың халықтың бірлігі қалыптастырудағы рөлін арттыру болды. Қазақстанның бай тарихы туралы әңгіме қозғалды.

Шара барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихымен танысып, олардың бекітілуіне дейінгі оқиғаларды білді. Сонымен қатар, әнұранымыз тек музыкалық шығарма емес, халықтың рухын, арман-мақсатын көрсететін маңызды элемент екенін ерекше атап өтті. Оның қалыптасу тарихы да туралы сөз қозғалды. Әнұранның сөздері мен әуенінің маңыздылығы, қазақ халқын жаңа жетістіктерге шабыттандыратыны туралы айтып берді. Кездесудің барысында барлық қатысушылар бірге Қазақстан әнұранын орындап, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын көрсетті.

Қазақстан мәдениетінің көрнекті тұлғалары - Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына мен Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай олардың шығармашылығына ерекше назар аударылды. Жүргізуші олардың музыка өнерінің дамуына қосқан үлесін және олардың шығармашылығының патриотизм мен отанға деген сүйіспеншіліктің символы болғанын атап өтті. Қатысушылар олардың танымал әндерінің үзінділерін тыңдап, мәдениетімізге деген мақтаныш сезімін оятты.