СҚО полицейлері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Мерекелік іс-шара Петропавл қ. орталық алаңында өтті. Облыстық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов пен жеке құрам мерекеге жиналған басқақызметтер мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен, көрнекті қоғам қайраткерлерімен, спортшылармен және қала тұрғындарымен бірге Қазақстан Республикасының Туына, Елтаңбасына және Әнұранына құрмет көрсетті.
Ту, Елтаңбажәне Әнұран – Қазақстан тұтастығының символы, оның мемлекеттік және ұлттық болмысы. Бұл күні СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың өркендеуіне үлес қосқанбірқатар солтүстікқазақстандықтарды марапраттады. Оның арасында – қалалық басқарманың жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ақмағамбетов табар.
Ширек ғасырдай еңбек өтілі бар кадрлық офицер учаскелік полиция инспекторларының, патрульдікжәне ювеналдық полиция инспекторларының және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың жұмысына жауап береді. Облыс басшысы полицейлерсу басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті және тұрғындардың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәуліктік кезекшілікке түскен көктемгі сутасқыны кезіндегі оның қайсарлығын бағалады. Полиция подполковнигі А.Ақмағамбетовке Алғыс хат табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаменжалғасты, кейін полиция қызметкерлері қызмет атқару орындарына тарады.