Полицейлері балаларды лагерьлерге тасымалдау басталар алдында автобустарды тексеруде

Полицейлері балаларды лагерьлерге тасымалдау басталар алдында автобустарды тексеруде

Жазғы демалыстың басталуымен мыңдаған оқушы сауықтыру лагерьлеріне аттанады. Ата-аналар үшін басты мәселе — балалардың қауіпсіздігі, соның ішінде жолдағы қауіпсіздік. Сол себепті полиция қызметкерлері автобустардың техникалық жай-күйіне және жүргізушілердің біліктілігіне ерекше назар аударып отыр.

Күні кеше «Назар аударыңыз — балалар!» акциясы және «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасына қарасты жол-техникалық инспекция қызметкерлері білім басқармасының өкілдерімен бірлесіп, ұйымдастырылған балалар тасымалына арналған автобустарға тексеріс жүргізді.

Рейд барысында облыстағы білім беру мекемелері мен ұйымдарына тиесілі 200-ден астам автобус қамтылды. Тексеріс кезінде автобустардың техникалық жағдайы, «Балалар» белгісінің болуы, өрт сөндіру құралдары мен қажетті құжаттардың толықтығы назарға алынды. Сонымен қатар жүргізушілердің еңбек өтілі, денсаулық жағдайы, еңбек және демалыс тәртібін сақтау мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.

Аталған кезеңде заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Балалар топпен жолға шыққан кезде олардың автобустарын полицияның патрульдік көліктері жол бойы бірге алып жүреді.

Мұндай тексерістер облыстың барлық аудандарында тұрақты түрде өткізіліп тұрады және «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады. Балалар қауіпсіздігі — бір реттік шара емес, бұл — полицияның берік ұстанымы. Балалар демалыстан қуаныш алуы тиіс, ал ата-аналар олардың жолының сенімді түрде қорғалғанына сенімді болуы қажет.