Петропавл қаласының полиция басқармасы ұстаздармен бірлесіп, жас жол инспекторларының қалалық байқауын ұйымдастырды. Іс-шара №40 мектепте, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында өтті.
Жазғы демалыс қарсаңында полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуде. Жас жол инспекторларының байқауы балалардың жол-көлік жарақаттануын алдын алуға және осы маңызды мәселеге назар аударуға бағытталған.
Мұндай іс-шаралар балалардың жолда жауапкершілікпен әрекет етуін қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және ведомстволар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Қалалық байқаудың жеңімпазы – №8 эстетикалық тәрбие беру мектебінің жас жол инспекторлары отряды.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында балалардың қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 32 бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды.
Жақында облыстық полиция департаменті жас жол инспекторларының облыстық байқауын өткізеді. Жеңімпаздар өңір атынан республикалық деңгейде өнер көрсетеді.