ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Кадр саясаты
22 января 2025
ПД психологтары жеке құрам үшін экстремалдық тренингтер өткізді

Петропавлда орналасқан полицияның 30 бөлімшесінің қызметкерлері полиция ведомствосының психологтары страйкбол алаңында ұйымдастырған командалық-тактикалық ойындарға қатысты.

Сабақтар бірқатар практикалық мақсаттарды көздеді: психологиялық босаңсу, ұжымдардағы ұйымшылдықты нығайту және психологиялық климатты жақсарту, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын пысықтау, бұл әсіресе тәртіп сақшылары үшін пайдалы.

Полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқаулықтан өткеннен кейін қорғаныс құралдарын киіп, пневматикалық қаруды алып шартты түрдегі жаудың позициясына шабуыл жасайды, «бомбаны» залалсыздандырады және ойын сценарийлерінің басқа да міндеттерін орындайды.

Психологтардың айтуынша, тіпті саптық бөліністерге жатпайтын бөлімшелерден келген қызметкерлер жаңа жағдайларға үйреніп, бірлескен іс-қимыл тактикасын сәтті қолданған. Өткен аптада барлығы 7 ойын өткізіліп, оған 160 полиция қызметкері қатысты.

Жергілікті полиция қызметі
21 января 2025
Полицейлер маркетплейстердің бірінің фурасын жол үстіне шығаруға көмектесті

20 қаңтар күні «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 142 шақырымында маркетплейстердің бірінің 6 тонна тауарын тасымалдап келе жатқан «DAF» фурасының жүргізушісі жол үстінен шығып кетіп, қисайған күйінде омбы қарға кіріп кеткен. Көлікті СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері патрульдеу кезінде байқап қалған.

Тәртіп сақшылары жол-эксплуатациялық учаскесінің мамандарына және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің басшылығына хабарласып, ауыр техника жіберуді сұрады. Екі тиегіш пен К-700 тракторы фураны шығаруға көмектесті. Бұл уақытта полицейлер аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Ал «Жезқазған – Петропавл» автожолының 843 шақырымында полиция қызметкерлері облыстың 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-2110» автокөлігін байқап қалды. Көліктен ақау шығып, жол шетінде тоқтап қалған. ПД ППБ қызметкерлері оны Есіл ауданының орталығы Явленка ауылындағы автобөлшектер дүкеніне сүйреп жеткізді. Жас жүргізуші тәртіп сақшыларына қиын жағдайда көмектескені үшін шын жүректен алғысын айтты.

Полиция жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жарамдылығын бақылап отыруды, қысқы жолдарда мұқият болуды және әрқашан жол жүрсі қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.

Криминалдық полиция
21 января 2025
Полицейлер СҚУ оқытушыларына интернет алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы айтты

Солтүстік Қазақстан университетінің басшылығы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерін оқытушылар құрамымен кездесуге шақырды. Кездесу тақырыбы: «Интернет алаяқтықтың жаңа тәсілдері».

Киберқылмыскерлер түрлі айла-тәсілдерді пайдаланып, адамдардан sms хабарласымен келетін кодты біліп алады. Олар «Қазпоштадан қоңырау» (құпия сөз сәлемдемені, тапсырыс хатты, ақша аударымдарын алу үшін қажет), «СевКазЭнергодан» және «Горгаздан» (есептегішті тегін ауыстыруға өтініш беру үшін), «емханадан» (медициналық тексеруге кезекке қою үшін).

Сондай-ақ қылмыскерлер өздерін «Киберпол» қызметкерлеріміз деп таныстыра бастаған - оларға «sms» код несиеден ерікті түрде бас тарту қызметін рәсімдеуге көмектесу үшін қажет дейді.

Құпия сөзді айтқан адамға «банктен» немесе «құқық қорғау органдарынан» хабарласып, құпия сөз оның атына несие ресімдеуге қолданылғанын, ал олардан «қорғану», тек қомақты сомада несие алу мен ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударғанда ғана мүмкін деп сендіреді (оның қаражаты қылмыскерлердің қалтасына түседі).

Алдап-арбаудың тағы бір ерекше тәсілі қосылды — «Сіздің шотыңыздан террористік опреацияларды қаржыландыруға ақша түсіп жатыр» деген «ҰҚК қоңырау». «Заңсыз қызметті бұғаттау» үшін алаяқтар, тағы да, несие алуға және қаражатты «резервтік шотқа» салуға ұсыныс жасайды.

Сонымен қатар, кездесу барысында полицейлер оқытушылардың сұрақтарына жауап беріп, алған ақпараттарын туыстары мен жақындарына, әсіресе егде жастағы адамдарға жеткізулерін өтінді және ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабы сот тәртібінде алаяқтармен келтірілген залалды «дропперден», яғни қылмыскерлерге аляқтық істерін жүзеге асыруына өзінің банк картасын берген адамнан талап етуге болатынын еске салды.

Жергілікті полиция қызметі
20 января 2025
СҚО-да 2024 жылы отбасылық жанжал үшін 500 астам адам әкімшілік қамаққа алынды

Өткен жылы СҚО аумағында отбасылық тұрмыста 84 қылмыс тіркелді. Басым бөлігі – ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру. Мұның барлығы өткен жылдың жазында криминалдандырылған, яғни әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске ауыстырылды.

Мұндай қылмыстардың алдын алу – 20 қаңтарда басталған «Тұрмыс» жедел-профилактикаық іс-шарасы шеңберіндегі полиция міндеттерінің ішіндегі ең маңыздысы. Тәртіп сақшылары бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылған адамдарды мекенжайларына барып тексереді.

«Мұндай тексерістер тұрақты түрде өткізіледі. Оған учаскелік инспекторлардан бөлек, полицияның басқа қызметкерлері, полиция департаментінің аппараты және облыс аудандарындағы бөлімдердің қызметкерлері де қатысады. Бұл – әрбір учаскелік пункттің аумағын барынша қамту үшін жасалып отыр», – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нарлан Жұмабаев.

Зорлық-зомбылық белгілері бар отбасыларға, балаларға қолайсыз әлеуметтік ортада көмек көрсетуді анықтау және ұйымдастыру үшін құрылған мобильдік топтардың жұмысына ерекше назар аударылады.

Өткен жылы облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында барлығы 2362 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олар бойынша 563 адам әкімшілік қамаққа алынып, 291 адамға ескеру берілді, 15 адамға айыппұл салынды.

Жедел жағдайға жасалған талдау профилактикалық жұмысты күшейту қажет екенін көрсетеді. Полицейлер жадынамалар таратады, байланыс нөмірлерін қалдырады, заңнамадағы өзгерістерді түсіндіреді.

«Тұрмыс» іс-шарасы 29 қаңтарға дейін жалғасады, осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдардың салдарынан туындайтын ауыр зардаптарды болдырмау үшін проблемалық мекенжайлар бойынша жаппай жұмыс жүргізетін болады.

Криминалдық полиция
20 января 2025
Мамлют ауданы ПБ бастығы қоғам өкілдері алдында сөз сөйледі

Қылмыстың жай-күйі және жұртшылықпен өзара іс-қимыл – бұл туралы Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Петр Климов «Күш – бірлікте» атауымен өткен мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылына арналған конференцияда баяндама жасады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстың 17.4%-ға азайды (2023 ж. – 86, өткен жылы – 71). Ауыр қылмыстар саны 24-тен 14-ке дейін азайды. Аса ауыр қылмыстарға (тонау, қарақшылық шабуылдар, адам өлтіру) жол берілмеді. Сондай-ақ ауданда кәмелетке толмағандар тарапынан немесе оларға қатысты бірде-бір қылмыс тіркелмеді.

Петр Климов проблемалық сұрақтарға да тоқталды. Мәселен, мас күйде жасалған қылмыстар саны 5,3%-ға (19-дан 20-ға дейін) өскен, отбасы-тұрмыстық жанжалдар да 21,4%-ға (126-дан 153-ке дейін) артып отыр. Бұл да маскүнемдіктің көбеюінен туындаған.

Белсенділер тұрмысы қолайсыз отбасыларды бақылауға, жалғызбасты зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетуге, маскүнемдерді мәжбүрлеп емдеуге жіберуге көмектеседі. 2024 жылы қоғам өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде мәжбүрлеп емдеуге 15 азамат жіберілді. Полиция полковнигі Климов өзара іс-қимылды күшейтуге шақырды.

«Біз барлығымыз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланамыз. Егер азаматтардан полицияның құзыретіне кіретін арыз-шағымдарды байқасаңыздар, бұл туралы учаскелік инспекторға хабарлаңыз. Жұртшылықпен өзара іс-қимыл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды бөлігі», - деп атап өтті полиция бөлімінің бастығы.

Бұдан бөлек, Петр Климов Мамлют ауданының еріктілеріне алғысын білдірді. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде жоғалған адамдарды іздеу, жол-көлік оқиғаларының, нашақорлық және интернет-алаяқтықтың алдын алу сияқты полиция жұмысының бағыттарын белсенді жастар тарапынан қолдау өте маңызды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, полиция қызметкерлері конференцияға қатысушылар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы жадынамалар таратып, қылмыстың осы түрімен күресу үшін күш біріктіруге шақырды.

Әкімшілік полиция
20 января 2025
Полицейлер 5 күнде қару иелері тарапынан 44 бұзушылықты анықтады

Солтүстік Қазақстан облысында 15 қаңтардан бастап «Қару иесі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері 2 мыңнан астам азаматтық қару иесін тексерді.

Іс-шараның басынан 44 құқық бұзушылық анықталды. 23 адам қаруды сақтау ережелерін бұзған. Полицейлер қаруды тек арнайы қару сейфінде сақтау қажет екенін еске салады. Сейфтің ішінде қарудан басқа бөгде заттарды, ақшаны, құнды заттарды және құжаттарды сақтауға тыйым салынады. Сонымен қатар, 21 қару иесі қаруды қайта тіркеу мерзімін өткізіп алған. Барлық құқық бұзушыларға әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері қарудың ұрлану қаупін азайту үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде бірнеше адам, әсіресе егде жастағы тұрғындар, өздеріне қажетсіз қаруды ішкі істер органдарына тапсыруға ниетті болды немесе оны кейін қайта тіркеу үшін уақытша сақтау туралы шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары адамдарды тіркелмеген қаруды ІІО-ға өз еркімен тапсыруға шақырады. Тек қаруды ерікті түрде тапсыру ғана заңсыз сақтау үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

Жергілікті полиция қызметі
20 января 2025
Полицейлер Крещение мейрамы кезінде құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Крещение Господня мерекесі кезінде 220 астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Петропавлда суға шомылу қала маңындағы Прибрежное ауылында орналасқан Черное көлінде ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары осы жерде және облыстың 11 ауданында орналасқан суаттарда кезекшілік атқарды.

Полицейлер құтқарушылармен, медицина қызметкерлерімен бірлесіп, ғибадатханалар, шіркеулер маңында тәртіпті бақылады. Бұдан бөлек, интернет-алаяқтықпен күрес туралы жадынамалар таратты. Жалпы, мереке тыныш өтті.

Криминалдық полиция
18 января 2025
Полицейлер бірнеше алаяқтық жасаған үш күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер Петропавл қаласының 36, 30 және 29 жастағы үш тұрғыны күдікті деп танылған екі алаяқтық фактісі бойынша материалдарды сотқа жіберді.

Бір фактіде зардап шегуші бейтаныс адамдармен ішімдік ішуге келіскен. Мастығы тараған соң депозитіндегі ақшасының жоқ екенін, сондай-ақ өзінің атына тауарлық несие ресімделгенін анықтайды. Келтірілген шығын 3,5 миллион теңгеге жуықтады.

Екінші зардап шегуші әлеуметтік желілерде өзін жас келіншек ретінде таныстырған бейтаныс адаммен жазыса бастаған. Нәтижесінде әлдібіреулер өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырған екі ер адам оны кездесуге шақырады, кейін кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткенмен хат алмасқаны үшін қылмыстық қудалауға ұшырайтынын айтып, қорқытқан.

Осылайша, олар ақшалай сыйақы берілген жағдайда «мәселені шешіп беруді» уәде еткен. «Оң шешім» үшін зардап шегуші 5 миллион 700 мың теңгеге тауарлық несие, шағын қаржылық займ ресімдеген, тіпті депозиттегі қаражатын да берген.

Қазіргі уақытта ірі мөлшердегі алаяқтық фактілері бойынша материалдар сотқа жіберілді. Олардың 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Криминалдық полиция
17 января 2025
Полиция киберқылмыстармен күресті күшейтуде, жаңа басшылар тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде бірқатар тағайындаулар өтті.

Полиция подполковнигі Әлнұр Ахмедьяров департамент құрамындағы жаңа бөлініс – киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы болып тағайындалды. Мұндай мамандандырылған бөліністер Қазақстандық полициясында Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде құрылып жатыр.

Олардың міндеті — технологиялар мен интернет қарқынды дамыған уақытта туындайтын сын-қатерлерімен тиімді күрес жүргізу. СҚО ПД құрамындағы жаңа басқармаға бұрын киберқылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ғана емес, басқа да бағыттар бойынша жұмыс істеген тәжірибелі жедел уәкілдер тағайындалды.

Әлнұр Ахмедьяров 2011 жылы Ресей Федерациясы ІІМ Волгоград академиясын аяқтаған соң Ғабит Мүсірепов атындағы және Тайынша аудандарының тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарды. 2015 жылдан бастап Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары болды, кейін Аққайың ауданының полиция бөлімін басқарды.

Бұдан бөлек, облыстық патрульдік полиция батальонының жаңа командирі болып тәжірибелі маман, полиция майоры Руслан Кучумов тағайындалды. Ол СҚО ПД патрульдік полиция батальонында 2019 жылдан бастап қызмет етеді; 2023 жылдан бастап осы бөлімше командирінің орынбасары қызметін атқарды. Облыстық батальон қала сыртындағы жолдарда құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жергілікті полиция қызметі
17 января 2025
Полицейлер жолаушыларды тасымалдаушылардың тарапынан жасалатын бұзушылықтар туралы айтты

Жолаушылардың қауіпсіздігі – полицияның басты назарында. 14-16 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктер мен таксилерді тексерді.

Іс-шараның үш күнінде 222 құқық бұзушылық, оның ішінде 34 заңсыз тасымалдаушы анықталды. Сондай-ақ 8 адам такси қызметін көрсету мақсатында қоғамдық орындарда адамдардың мазаасын алып тиіскені үшін жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасының 18 бұзушылығы және көлік құралдарын техникалық байқаудан өтпей пайдаланудың осынша бұзушылығы анықталды. Бұл тасымалдаушылар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар. Рейдтік іс-шара барысында қала маңындағы Қызылжар ауданында мас такси жүргізушісі анықталды.

Сонымен қатар, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың және маневр жасау ережелерінің – 38, жолаушыларды тасымалдау талаптарының 54 бұзушылығы анықталды (көбінесе жолаушылар қауіпсіздік белдігін тақпаған).

Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы және тасымалдаушылардың қызметтерін пайдаланатын жолаушылардың қауіпсіздігін нығайту.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы