ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
30 января 2026
«Айбын» орденімен марапатталған полиция қызметкері өзінің жұмыс күні қалай өтетінін айтып берді

Полицияның аға лейтенанты Олег Головин ішкі істер органдарында он жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның ішінде алты жылдан астам уақытын патрульдік полиция қызметіне арнап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр. Оның айтуынша, дәл осы патрульдік қызмет өзі үшін нағыз өмірлік таңдауына айналған, өйткені ол жоғары жауапкершілікті, жанқиярлықты және кез келген сәтте адамдарға көмек көрсетуге дайын болуды талап етеді.

Олегтің жұмыс күні таңғы сағат 7-де басталады. Қызметке кіріспес бұрын ол міндетті нұсқамадан өтеді, жедел жағдаймен танысады, бағыттамалар алады және жеке жарақтарын тексереді. Осыдан кейін патрульдік экипаж өз бағыты бойынша қызметке шығады.

Патрульдік полиция қызметкерінің бір жұмыс күнін алдын ала болжау мүмкін емес. Бір ауысым ішінде қызметкерлер құқық бұзушылықтың алдын алудан бастап тұрмыстық жанжалдарды реттеуге, жедел әрі шешімді әрекеттерді талап ететін төтенше шақыртуларға дейінгі түрлі жағдайларға тап болады. Көбінесе патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетіп, адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

2023 жылдың күзінде Олег Головин Есіл өзені арқылы өтетін көпірден құлап, суға кеткен әйелді құтқарып қалды. Өміріне төнген қауіпке қарамастан, ол көмекке келіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін полицияның аға лейтенанты Олег Головин «Айбын» орденінің II дәрежесімен марапатталды. Бұл награда оның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі мен қызметтік борышына адалдығының мойындалуы болды.

Қызмет кестесінің тығыздығына қарамастан, Олег отбасысына ерекше көңіл бөледі. Ол алты жастағы ұлын тәрбиелеп отыр және қызмет пен жақындарымен өткізетін уақыт арасында тепе-теңдік сақтауға тырысады. Отбасы ол үшін сенімді тірек әрі күш-қуат көзі.

Олег Головиннің өмір жолы — кәсібилік, батылдық және адамдарға шынайы көмектесуге деген ұмтылыс полиция қызметін жай ғана жұмыс емес, нағыз өмірлік миссияға айналдыратынының айқын дәлелі.

30 января 2026
СҚО-да құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жаңа заң талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде биылғы алғашқы консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Қоғам өкілдері 2025 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындады.

Консультативтік-кеңесші орган құрамына өңірге танымал азаматтар енген: Қазақстан Журналистер одағының бес мүшесі, қаланың үш құрметті азаматы, депутаттар мен заңгерлер. Олар облыстық полицияның барлық маңызды іс-шараларына — жұмыс кеңестерінен бастап аттестаттау комиссиясының отырыстарына дейін — тұрақты түрде қатысып келеді.

Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов атқарылған жұмыстар туралы есеп ұсынып, алдағы міндеттерді атап өтті. Қоғам өкілдері аудандық полиция бөлімдерінде көшпелі кеңестер өткізу тәжірибесін жалғастыруды және басым бағыттар бойынша жұмысты оңтайландыруды бірауыздан қолдады.

СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Абай Жусупов құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы жаңа заңның іске асырылуына тоқталды. Бұған дейін әртүрлі нормативтік құжаттарда шашыраңқы болған профилактикалық тетіктер енді бірыңғай жүйеге біріктірілді. Заң қоғамның белсенді қатысуына басымдық береді: қоғамдық көмекшілердің рөлі кеңейтіліп, қырағылық танытқан азаматтарды ынталандыру шаралары енгізілді. Негізгі басымдық — проблемаларды ерте анықтау және құқық бұзушылықтардың бастапқы кезеңінде жолын кесу, әсіресе жасөспірімдер қылмысы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Өз қауіпсіздігі басқармасының басшысы «Адал полицей» акциясы туралы баяндады. Қаңтар айы бойы өңір полицейлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында күнделікті жұмыс жүргізіп, барлық ақпараттық арналар арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда жауапкершілік пара алушыға да, пара берушіге де бірдей жүктелетіні атап өтілді.

Облыстық полиция басшысы сыртқы қызметтердің жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша нақты міндеттерді айқындап, жылға арналған жүйелі әрі нәтижелі жоспар белгіленгенін жеткізді.

Жеке құраммен жұмыс
29 января 2026
«Адал полицей» акциясы аясында СҚО полиция департаментінде бірқатар қызметкер марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде «Адал полицей» акциясының қорытындылары талқыланған жиын өтті.

Акция аясында үздік нәтижелер көрсеткен қызметкерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, Шал ақын ауданы полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбеков, Петропавл қаласының тергеушісі Асқар Сағдат, Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кезекші көмекшісі Ерлан Бзаубасов және Тайынша ауданының полиция-жүргізушісі Дамир Қабиев марапатталды.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин өз сөзінде адалдық тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылықпен шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл — қызметтік тәртіпті үлгілі сақтау, қызметтік міндеттерді орындауда адалдық пен принципшілдік таныту, сондай-ақ күрделі және стандартты емес жағдайларда азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым дайын болу.

Аталған акция қаңтар айы бойы өткізіліп, полиция қызметінің беделін арттыруға бағытталған.

29 января 2026
СҚО-да сталкинг фактісі бойынша тергеу аяқталды — үкім шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа бабы — «Сталкинг» бойынша тергеуді аяқтады. Елдегі қудалау фактісі бойынша алғашқы үкім Петропавл қалалық сотында жарияланды.

Жәбірленушінің арызына сәйкес, оны бір жарым жылдан астам уақыт бойы 37 жастағы қала тұрғыны қудалаған. Ол полицияға ер адамның өзіне үнемі бақылау жасап, назойлы түрде көңіл бөлуге тырысқанын, өзі және жақын ортасымен жанжалға барғанын хабарлаған.

Бұған дейін ер адам жәбірленушінің атына балағат сөздер айтқаны, дене жарақатын келтіргені, сондай-ақ оның танысына шабуыл жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда, соған қарамастан, қудалауын тоқтатпаған. Жәбірленуші тыныштығынан айырылып, қала ішінде еркін қозғалу мен адамдармен қарым-қатынас жасаудан қорқа бастағанын, өзге де азаматтар оның назойлы әрекеттерінен жапа шегуі мүмкін екенін айтқан.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда ҚК-нің 115-1-бабы «Сталкинг» күшіне енгеннен кейін, айыпталушы жәбірленушімен екі рет байланыс орнатуға әрекеттенген. Сол әрекеттердің бірі жәбірленуші подъезіне орнатқан бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Ол 22 қаңтар күні полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары қысқа мерзімде тергеу жүргізіп, материалдарды сотқа жолдады. 28 қаңтарда айыпталушыға қатысты үкім шығарылды: 100 сағат қоғамдық жұмыс. Сонымен қатар, оған алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынып, профилактикалық әңгімелесу үшін полицияға тұрақты түрде келу міндеттелді және ең бастысы — жәбірленушімен кез келген байланысқа түсуіне қатаң тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

СҚО полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, қаңтар айында облыста сталкингтің екі фактісі тіркелген, екіншісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

29 января 2026
СҚО-да полицияның бір күндік профилактикалық жұмысының қорытындысы шығарылды

«Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 28 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық шаралар өткізілді.

Іс-шараға барлығы 486 адам тартылды. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, пробация қызметінің өкілдері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері болды.

Профилактикалық жұмыс барысында полицейлер тұрғылықты мекенжайлар бойынша 664 есепте тұрған адамды тексерді. Олардың ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, әкімшілік қадағалауда тұрғандар, алкоголизм мен нашақорлық бойынша есепте тұрғандар, сондай-ақ қолайсыз отбасылар бар.

Есептегі контингент тарапынан 20 құқық бұзушылық анықталды. Тиісті шаралар қабылданып, қорғау нұсқамалары шығарылды, сондай-ақ құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 12 ерекше талап белгіленді. Аталған талаптар алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын тұтынуға тыйым салуды көздейді.

Әкімшілік жауапкершілікке 92 құқық бұзушы тартылды. Олардың басым бөлігі қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күйінде жүру, ұсақ бұзақылық және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар «алкоголик» санаты бойынша 8 адам профилактикалық есепке қойылды. Мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы сотқа 14 материал жолданып, оның 5-еуі қанағаттандырылды, 4 адам медициналық ұйымға жатқызылды.

Іс-шара барысында тұрақты мекенжайы жоқ 2 адам және 2 кәмелетке толмаған анықталды. Олардың бірі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы 13 ұсыныс енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстың жалғасып жатқанын атап өтті.

29 января 2026
СҚО-да патрульдік полицейлердің жедел әрекеті тас жолда жолаушының өмірін сақтап қалды


Солтүстік Қазақстан облысында «Көкшетау – Омбы» автожолында Талшық пен Дәуіт ауылдарының арасында патрульдік полиция қызметкерлері адамның өмірін аман алып қалды.

Шамамен сағат 18:10-да патрульдік полиция экипажына «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жүгінді. Ер адамның оң қолы қанға боялған еді, ол шұғыл көмек сұрады. Жағдай бірден түсінікті болмағанымен, полицейлер уақыттың әр секунды маңызды екенін аңғарды.

Белгілі болғандай, жүксіз «Газель» Кішкенекөлден Көкшетауға қарай қайтып келе жатқан. Талшық ауылынан кейін жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Жүргізушінің айтуынша, инсульт немесе эпилепсия белгілері байқалған, ер адам тыныс ала алмай қалған. Көмек көрсетуге тырысқан сәтте жолаушы ұстама кезінде жүргізушінің қолын тістеп, жарақаттаған. Осыдан кейін ол патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатқан.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Ратбек Кисамиденов және ППБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Ілияс Қайыргелді зардап шеккен азаматты қызметтік автокөлікке отырғызып, Талшық ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Жол бойында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханамен байланыс орнатылды. Ер адамды сыртта күтіп тұрған медицина қызметкерлеріне аман-есен тапсырды.

Жүргізуші досының өмірін сақтап қалғаны үшін полицейлерге шынайы алғысын білдірді. Ратбек Кисамиденов пен Ильяс Қайыргелді қызметтерін жалғастырды.

СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Марат Жұмалиевтің айтуынша, патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар күн сайын жолда адамдарға көмек көрсетіп, аяз бен қолайсыз ауа райында талай жанды құтқарып келеді. Өкінішке қарай, полиция қызметінің жоғары қарқыны мен қызметкерлердің қарапайымдылығына байланысты мұндай оқиғалардың басым бөлігі көпшілікке жетпей қалады.

Жергілікті полиция қызметі
29 января 2026
СҚО-да полицияның бір күндік профилактикалық жұмысының қорытындысы шығарылды

«Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 28 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысының аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық шаралар өткізілді.

Іс-шараға барлығы 486 адам тартылды. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, пробация қызметінің өкілдері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері болды.

Профилактикалық жұмыс барысында полицейлер тұрғылықты мекенжайлар бойынша 664 есепте тұрған адамды тексерді. Олардың ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, әкімшілік қадағалауда тұрғандар, алкоголизм мен нашақорлық бойынша есепте тұрғандар, сондай-ақ қолайсыз отбасылар бар.

Есептегі контингент тарапынан 20 құқық бұзушылық анықталды. Тиісті шаралар қабылданып, қорғау нұсқамалары шығарылды, сондай-ақ құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 12 ерекше талап белгіленді. Аталған талаптар алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын тұтынуға тыйым салуды көздейді.

Әкімшілік жауапкершілікке 92 құқық бұзушы тартылды. Олардың басым бөлігі қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күйінде жүру, ұсақ бұзақылық және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар «алкоголик» санаты бойынша 8 адам профилактикалық есепке қойылды. Мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы сотқа 14 материал жолданып, оның 5-еуі қанағаттандырылды, 4 адам медициналық ұйымға жатқызылды.

Іс-шара барысында тұрақты мекенжайы жоқ 2 адам және 2 кәмелетке толмаған анықталды. Олардың бірі Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою туралы 13 ұсыныс енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстың жалғасып жатқанын атап өтті.

Жергілікті полиция қызметі
28 января 2026
Петропавл қаласында жауапсыз зейнеткердің әрекетіне байланысты жедел әрекет ету қызметтері дабыл бойынша көтерілді

16 қаңтар күні таңертең Петропавл қаласының тұрғындарын Батыр Баян көшесіндегі автобус аялдамасында тұрған қараусыз пакет алаңдатты. Бұл туралы хабарлама «102» арнасына түсті. Саперлердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін полицейлер көшені уақытша жапты. Мамандар тексеру барысында қауіпті заттарды анықтаған жоқ — пакет ішінде қоқыс болған.

Қалалық полиция басқармасының екінші бөлімінің учаскелік инспекторы Мұрат Арыков аула-ауланы аралау нәтижесінде құқық бұзушыны анықтады. Ол 65 жастағы зейнеткер болып шықты. Айта кетерлігі, бұған дейін ол өзі туған қаласының көшелерін тазалау жұмыстарында еңбек еткен, алайда бұл жолы аялдамаға бара жатып, қоқысты контейнерлерге дейін апаруға ерінген.

Айта кету керек, екі жыл бұрын осы азаматтың жұбайы да қоқысты белгіленбеген жерге тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Ол кезде Батыр Баян көшесіндегі аялдама маңында заңсыз қоқыс үйіндісі болған. Содан бері әйел адам мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермей келеді.

Қоғамдық орындарды ластау дерегі бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды. Құқық бұзушы айыппұл төледі.

2024 жылдың сәуір айынан бастап елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Акция аясында Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық орындарды ластаудың 4 мыңнан астам дерегін, абаттандыру қағидаларын бұзудың 23 мыңнан астам фактісін анықтады, сондай-ақ жұмыс тобының құрамында 107 заңсыз қоқыс үйіндісін жоюға қатысты.

27 января 2026
Пара ма, әлде арандату ма: СҚО полициясы азаматтарға ұсынымдар берді

Солтүстік Қазақстан облысында «Адал полицей» акциясы жалғасуда. Оның мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ғана емес, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайту.

Акция аясында полицейлер тұрғындармен кездесіп, сауда орталықтарында, оқу орындарында, мессенджерлерде мыңдаған түсіндірме материалдарын таратады. Онда қарапайым тілмен: «мәселені сол жерде шешу» — жол емес, екі тарап та жауапкершілікке тартылатын қылмыс екені түсіндіріледі.

Полицейлер жастармен және еңбек ұжымдарымен жұмысқа ерекше назар аударып, кездесулер барысында өмірден алынған нақты жағдайларды талдайды. Егер сізді пара беруге арандатса, бұл туралы дереу СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефондарына +8-700-161-26-89 және +8 (7152) 61-26-89 хабарлау қажет, сондай-ақ бірыңғай республикалық call-орталық — 1402 нөміріне жүгінуге болады.

Сонымен қатар жеке құраммен жүйелі жұмыс жүргізілуде: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауда әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі атап өтілетін сабақтар мен семинарлар өткізіледі. Алдын алу жұмыстарының креативті форматтары да қолданылады — зияткерлік ойындар мен байқаулар ұйымдастырылады.

«Адал полицей» акциясы адал қызмет пен белсенді азаматтық ұстанымның өзара тығыз байланысын көрсетеді. Полиция мен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ орта қалыптастыруға болады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
27 января 2026
Алаяқтарды тануға көмектесетін сөз тіркестерін есте сақтауға СҚО полицейлері кеңес береді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер интернет-алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Соның салдарынан Петропавл қаласының тұрғыны шамамен 15,5 миллион теңгеден айырылған.

58 жастағы қала тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін электр энергиясын жеткізуші компанияның қызметкері ретінде таныстырып, «электр есептегішті түзету үшін сізге sms арқылы келген нөмірді айтып жіберіңіз» деген. Ер адам төрт таңбалы кодты айтып берген.

Көп ұзамай оған тағы бір адам хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде таныстырып, алаяқтар оның атына онлайн-несие рәсімдеуге өтінім бергенін айтып, «бұл несиелерді жою үшін сізбен біздің аға маман жұмыс істейді» деп сендірген.

Кейін алаяқ жәбірленушіні «айна» несиелерді рәсімдеуге және қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген. Бұдан соң қылмыскерлер ер адамды оның пәтері алаяқтар тарапынан саудаға қойылды деп алдап, мұның алдын алу үшін тұрғын үйді шұғыл түрде өзі сатуы керек екенін айтқан. Нәтижесінде жәбірленуші бір бөлмелі пәтерін сатып, түскен ақшаны тағы да «қауіпсіз шотқа» аударған. Алайда бұл қаражат та алаяқтардың қолына түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 15,5 миллион теңгені құрады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмысты тергеп, оған қатысы бар адамдарды, соның ішінде ақшаны шетелге шығаруға пайдаланылған «дропперлерді» анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Құқық қорғау органдары ескертеді: кім қоңырау шалса да, sms-кодты сұрау, «алаяқтық шабуыл жасалды» деген мазмұндағы үрейлі хабарламалар, несие рәсімдеуді және ақшаны «қауіпсіз» (айна, резервтік және т.б.) шотқа аударуды талап ету — алаяқтардың айқын белгісі. Полицейлер сақ болуға, қаржыға қатысты кез келген ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеруге және банктердің бөлімшелеріне жеке барып жүгінуге шақырады.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты