ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
20 марта 2025
Полицейлер су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде күшейтілген түрде жұмыс істеуде

Еріген қардың суы басып жатқан облыс жолдарындағы жағдайды полиция қызметкерлері тәулік бойы бақылауда. Көктемгі су тасқынына қарамастан, 20 наурыздағы жағдай бойынша автожолдардың көпшілігінде көлік қозғалысы сақталуда. Жол қозғалысы шектелген учаскелерде полиция жасақтары кезекшілік етуде.

Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, су деңгейін бақылайды, жүргізушілерді күрделі жағдай туралы жедел хабардар етеді және шұғыл қызметтермен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

Жағдай полицияның бақылауында, қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп жоқ. Жүргізушілерден өте мұқият болуларын, жол жағдайын ескерулерін және шұғыл қызметтердің ұсынымдарын орындауларын сұраймыз.

Тергеу және анықтау
19 марта 2025
ПД бастығы азаматтардың интернет-алаяқтықты тергеуге қатысты сұрақтарына жауап берді

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың AMANAT партиясында өткізген жеке қабылдауына үш адам келді. Бір сұрақ кадр мәселесіне, екеуі – алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды. Азаматтардың барлығы сұрақтарына толық жауап алды.

Жыл басынан полиция генерал-майоры Қабдұлдинов өткізген 13 қабылдауда 29 адам болып қайтты. Ол және оның орынбасарлары осындай форматта азаматтармен аптасына екі рет кездеседі. AMANAT партиясында жеке қабылдаулар тоқсанына бір рет өткізіледі. Аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары азаматтардың сұрақтарына күн сайын жауап беруге дайын.

СҚО ПД бастығының жеке қабылдауына 8 (7152) 39-41-63, 39-40-20 телефондары арқылы жазылуға болады.

Жергілікті полиция қызметі
19 марта 2025
Полиция департаментінде балалар қауіпсіздігі талқыланды

Балаларды буллингтен қорғауда заманауи технологиялар қалай көмектеседі? Жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін не істеу керек? Осы және басқа да мәселелер Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде өткен кеңейтілген жиында қаралды. Отырысты облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов жүргізді. Жиынға полиция қызметтерінің басшылары, білім және прокуратура өкілдері қатысты.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, өңірде жасөспірімдер қылмысы 60%-ға, ал кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 25%-ға төмендеген. Қазіргі уақытта полицияның профилактикалық есебінде 46 жасөспірім мен 172 заңды өкіл тұр.
Жиында балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету жобалары, оқу орындарының техникалық қауіпсіздігі, бейнебақылаудың тиімділігі мен бақылау жүйелері талқыланды.

СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сурағанованың айтуынша, бүгінде өңірдегі 6 білім беру мекемесінде жасанды интеллект қолданылатын пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жүйе агрессивті мінез-құлық белгілерін анықтап, оны дереу мұғалімдерге хабарлайды. Ол агрессия белгілерін анықтап, педагогтарға жедел хабарлайды. Жүсіп Жұмағұлов бұл жүйеге полицейлерді де қосу қажеттігін ұсынды. Болашақта жобаны басқа оқу орындарына енгізу жоспарланып отыр.

Жол қауіпсіздігі де басты назарда. Биыл облыста балалардың қатысуымен 11 жол апаты тіркеліп, 12 бала жарақат алды. Оның екеуі жаяу жүргінші болған. СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманғали Исмағұлов оқушылардың жол қозғалысы ережелерін жақсы білуі үшін жас инспекторлар қозғалысын жандандырып, мектептерде арнайы сабақтар енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – ІІМ жариялаған Профилактика жылы аясындағы негізгі бағыттардың бірі және «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының маңызды бөлігі.

Тергеу және анықтау
19 марта 2025
Әжей немересімен психологиялық жұмыс жүргізген полицейлерге ризашылығын білдірді

Наурыз мейрамы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне ерекше алғыс айтылды.

«Немеремнің мінез-құлқына байланысты өмірімде үлкен қиындықтарды бастан өткеруге тура келді. Бұл маған полицияда жұмыс істейтіндермен жеке танысуға мүмкіндік берді. Олардың адамдарға немқұрайлы қарамайтынын атап өткім келеді. Кәсібиліктері және әр адамның мәселесіне тереңірек үңіліп, қажетті көмек көрсетіп жүргені үшін алғысымды айтамын», - деп жазады 25 жастағы немересі мүліктік қылмыстар үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын.

Қазіргі уақытта жас жігіт автокөлікті жымқыру мақсатынсыз айдап әкеткені үшін бір жыл он ай түріндегі бас бостындығын шектеу жазасын өтеп жатыр, қоғамдық жұмыстарға тартылуда. Жас жігіттің бұған дейінгі өмірінің қылмыспен байланысты болуына қарамастан, полицейлер тергеу барысында оған тәрбиелік жағынан ықпал етуге тырысты, болашағы туралы ойлануға шақырды. Мұны көрген әжесі сақшылардың жұмысына риза болды. Қазір әжесі оның мінез-құлқы өзгергенін хабарлады, жаңа өмір бастайды деп үміттенеді.

Осы үшін ол аудандық полиция бөлімінің басшылығына, жедел уәкілдер мен тергеушілерге алғысын білдірді. «Менің ойымша, полицияда рухы мықты және жүрегі таза адамдар жұмыс істей алады, өйткені олардың міндеті — зұлымдықты тоқтату және адамдарға қиын өмірлік жағдайлардан өтуге көмектесу», — деп бөлісті ол.

18 марта 2025
Полицияның оқу-жаттығу жиындары: күрес тәсілдерінен бастап дағдарыстық жағдайларға дейін

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде жеке құрамға арналған оқу-жаттығу жиындары тұрақты түрде өткізіледі. Бес күн бойы қызметкерлер алғашқы медициналық көмек көрсету, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету, саптық, дене және атыс дайындығы бойынша дағдыларын жетілдіреді. Жиындарға барлық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, соның ішінде желілік бөлім және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысады.

Оқу бағдарламасы әртүрлі бағыттарды қамтиды. Ерекше көңіл тактикалық-арнайы дайындыққа, күрес әдістеріне, «Макаров» тапаншасынан оқ ату мен граната лақтыруға бөлінген. Сабақтарды арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасының тәжірибелі нұсқаушылары, сондай-ақ басқа да құрылымдардың мамандары — арнайы бөлімше инспекторлары, кинологтар, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, психологтар мен госпиталь дәрігерлері жүргізеді.

Оқу үдерісі әр қатысушының физикалық және психологиялық дайындығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар стреске төзімділігін арттырып, төтенше жағдайларда тез әрі дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.

Мұндай жиындар айына екі рет өткізіледі. Негізгі мақсат — полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, бұл өз кезегінде қоғамдық және жол қауіпсіздігін күшейтіп, қылмыспен күресте тиімділікті арттыруға ықпал етеді.

Кадр саясаты
17 марта 2025
Наурыз рухы: полицейлер Мәдениет және оқу күніне қатысты

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде өткен Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні көктемгі мерекенің ұлттық рухын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Наурызнама онкүндігі шеңберінде ұйымдастырылған шара Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өтті. Оған полицияның түрлі бөлімшелерінен келген 20-дан астам жас қызметкер қатысты.

Кітапхана бөлімінің жетекшісі Дамира Жүсіпова ұлттық киім элементтерінің мағынасы, Наурыз дәстүрлері туралы айтып, тыңдаушыларды қазақ әдебиетінің классиктерін оқуға шақырды.

Полиция департаментінің басшылығы атынан кітапханаға «Тәуелсіздік сақшылары» кітабы сыйға тартылды. Бұл кітап Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай жазылған және облыстық полицияның тарихына арналған.

Көші-қон қызметі
17 марта 2025
СҚО-да заң бұзған шетелдік елден шығарылды

Аққайың ауданында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу ережелерін қасақана бұзған Ресей Федерациясының 57 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам визасыз жүруге рұқсат етілген 90 күннен кейін ел аумағынан кетуі керек еді, бірақ ол кетуден қасақана жалтарған.

Заң бұзушы кінәсін мойындады, әрі ҚР аумағында қалуға себептері болмағанын, жұмыс істемей танысының үйінде тұрғанын растады.

Сот шешімімен оған 5 тәуліктік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 5 жылға ҚР аумағынан әкімшілік шығару түріндегі жаза тағайындалды. Полицейлер құқық бұзушымен бірге мемлекеттік шекараға дейін барып, ел аумағынан шығуына көз жеткізді.

«Мигрант» ЖПІШ кезінде полицейлер көші-қон заңнамасының түрлі 234 бұзушылығын анықтады. Атап айтқанда, 16 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған. Сонымен қатар, ТМД елдерінде іздеуде жүрген төрт адам анықталды.

Жергілікті полиция қызметі
17 марта 2025
СҚО-да үш күн ішінде 16 мас жүргізуші жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында үш күн ішінде 16 жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, 7 жылдан 9 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Олар алкогольдік масаң күйде көлік басқарып, өздеріне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірген.
Бұл фактілер облыстық «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Іс-шара аясында патрульдік полиция жасақтары күшейтіліп, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына жақындатылды.

Үш күн ішінде полицейлер 950 түрлі жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін анықтады. Ең көп таралған құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау (96 жағдай) және көлік жүргізу кезінде телефон қолдану (141 жағдай). Сонымен қатар, 36 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.

Полицейлер көлік құралдарының жоғары қауіптілік көзі екенін еске салады. Оны масаң күйде басқаруға қатаң тыйым салынады. Жыл басынан бері облыста 170-ке жуық мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

14 марта 2025
СҚО ПД-да тәртіп сақшыларына мемлекеттік тіл бойынша маңызды көмекші құрал әзірленді

Полицейлердің күнделікті жұмысында мемлекеттік тілде құжаттар дайындалады. Құжаттармен жұмыс істеген кезде бірізділікті сақтау мақсатында «Полиция департаменті қызметкерлеріне арналған көмекші құрал» әзірленді.

Оның авторы: СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі ұжымы. Үш айлық еңбектің нәтижесінде 80 беттен құралған кітапшада мемлекеттік тілде дайындалатын құжаттардың үлгілері, әр бөлініске қатысты терминдер сөздігі, тілдесу кезінде жиі қолданылатын жұмысқа қатысты көмекші сөздер мен сөз тіркестері жинақталды.

200-ге жуық брошюра облыстық полицияның барлық бөліністеріне үлестірілді, сондай-ақ электронды көшірмелері жіберілді. Бұрын осыған ұқсас әдістемелік ұсыным 2016 жылы дайындалды. Содан бері құжат түрлері жаңартылып, терминология нақтыланды. Мемлекеттік тілді дамыту – СҚО ПД жұмыстың басым бағыттарының бірі.

Жергілікті полиция қызметі
14 марта 2025
Полицейлер трассада «МАЗ» бен «DAF» фураларының жүргізушілеріне көмектесті

СҚО-да «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі қиын жағдайда өзіне көмектескен полицейлерге, жол тазалаушыларға және алыс жолға өзі сияқты жүк тасымалдайтын жүргізушіге алғысын білдірді. Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны Қостанай қаласынан жүксіз келе жатып «Екатеринбург - Алматы» автожолының 778-ші шақырымында рөлге ие бола алмай жолдың жанындағы омбы қарға түсіп кеткен.

Оны полицейлер жол үстін патрульдеу барысында байқап қалған. Тәртіп сақшылары дереу ДЭУ-66 мекемесіне және бір бағытта кетіп бара жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне жүгініп, көмек ұйымдастырды. Барлығы қосылып «МАЗ-ды» жол үстіне сүйреп шығарды.

Ал «Челябинск – Новосибирск» автожолының 475-ші шақарымында Петропавлдан Ресейдің Челябинск қаласына бара жатқан «DAF» жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Оны да полицейлер көріп қалды. Олардың өтініші бойынша үлкен жүк көлігін алып шығу үшін «Казстройтехник» ЖШС арнайы техника ұсынды.

Ауа райының құбылмалы кезеңі келуіне байланысты полицейлер жүргізушілерге бірқатар кеңестер берді: мұз бен көктайғақ пайда болуы мүмкін екенін есте сақтау қажет, жолдың күрделі учаскелерінде жылдамдықты төмендету керек, барынша мұқият болып, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаған абзал.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы