Консультативтік-кеңесші органның жұмысы туралы
ПД жанында құрылған Консультативтік-кеңесші орган жұртшылықпен іс-қимыл жасасу мәселелері бойынша үлкен қолдау көрсетуде. 2016 жылдың наурыз айында дауыс беру арқылы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері таңдалып, СҚО ІІД-нің 2016 ж. 05.03. № 204 бұйрығымен бекітілді.
Консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеті – ішкі істер органдарына халықтың сенімін арттыру, тұрғындарды полициямен жақындастыру, құқықтық мемлекетті нығайтуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру, ішкі істер органдарына олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде көмек көрсету. ККО мүшелеріне Полиция департаментінің қызметтері, учаскелік полиция пункттері, аудандық полиция бөліністері мен аудандық бөліністердің жергілікті полиция қызметі бекітілді. Олармен бірлесіп түрлі іс-шаралар, оның ішінде азаматтардың қатысуымен кездесулер, азаматтарды қабылдаулар өткізіледі. Сондай-ақ, ККО мүшелері түрлі комиссиялардың жұмысына және Полиция департаментіндегі барлық маңызды іс-шараларға қатысады.