

Арнайы атағы – полиция полковнигі.
1997 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, 2005 жылы – ҚР ІІМ Қостанай заң институтын, 2026 жылы – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
II дәрежелі «Айбын» орденімен (2024) марапатталған.
1998 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді. Әр жылдары учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкіл, аға жедел уәкіл, сондай-ақ аудандық және облыстық деңгейдегі криминалдық полиция бөлімшелерінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
2011-2014 жылдары Ақмола облысы Ақкөл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болған.
2014-2017 жылдары Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары – Ақмола облысы Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.
2018-2019 жылдары – Ақмола облысы Полиция департаменті Зеренді аудандық полиция бөлімінің бастығы.
2019-2023 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.
2023-2026 жылдары – ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.
2026 жылдың тамыз айынан – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы.