Шымкентте қорғау нұсқамасын бұзудың 8 жайты анықталды
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, бұрын сотты болған
тұлғалармен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында
2025 жылы 10-23 ақпан аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» (Подучетник) жедел-
профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның бір тәулігінде, ІІО-ы есебінде тұрған
1912 тұлға тексерілді.
Пробация есебінде тұрған 194 тұлға тексерілген.
Тексеру жүргізу нәтижесінде:
Әкімшілік қадағалауды бұзғаны үшін 7 тұлға
әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қала бойынша, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 212 тұлға есепте тұрса, 1 тәулікте олармен
жасалған 14 құқық бұзушылық анықталды.
Пробация есебінде тұрған тұлғалар жасаған 5 құқық
бұзушылық анықталды.
Қорғау нұсқамасын бұзудың 8 жайты анықталды
Ерекше талапты бұзудың 6 жайты анықталды.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған тұлғаны түзеу мекемесіне кері қайтару туралы сотқа 2 ұсыныс жолданды.