Полицейлер Шымкент тұрғынына ұрланған телефонын тауып, қайтарды

Полицейлер Шымкент тұрғынына ұрланған телефонын тауып, қайтарды

Қаратау ауданының полиция басқармасы бастығының атына қала тұрғынынан алғыс хат келіп түсті.
Хатта азаматша анықтаушы полициясының аға лейтенанты Телғара Нұрсейітке ризашылығын білдірген. Ол полицияға ұлының ұялы телефоны ұрланғаны туралы арызданған. Жайт бойынша анықтаушы барлық қажетті жедел іс-шараларды жүргізіп, нәтижесінде телефон табылып, иесіне қайтарылған.
«Ұлымның смартфоны аквапаркте демалып жүрген кезінде ұрланды. Бұл туралы полицияға хабарладым. Н.Телғара толыққанды тергеу жүргізіп, телефонды тауып, бізге қайтарды. Қаратау АПБ қызметкерлеріне алғысым шексіз», - делінген хатта.