Шымкентте құқық қорғаушылар студенттермен профилактикалық кездесу өткізді

Шымкентте құқық қорғаушылар студенттермен профилактикалық кездесу өткізді

Дөңгелек үстел ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы өкілдерінің, прокурордың және Еңбекші АПБ ювеналды полицейлерінің қатысуымен Мирас университетінде өтті. Іс-шараның мақсаты жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылды. 50-ден астам студентке заң бұзушылықтардың ауыр зардаптары туралы түсіндірілді, және оны жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы айтылды. Сондай-ақ, жиын барысында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында презентация көрсетіліп, нақты мысалдар келтірілді. Сақшылар жастарды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Қатысушылар полицейлерге өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды. Соңында педагогтар қонақтарға студенттерді құқықтық ақпараттандырғаны және кеңес бергені үшін алғыс сөздерін білдірді.