Шымкенттік оқушылар есірткісіз болашақты таңдайды

Шымкенттік оқушылар есірткісіз болашақты таңдайды

 Мегаполис полицейлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы профилактикалық іс-шараларды ұдайы түрде өткізеді. Осылайша, тәртіп сақшылары А.Бокейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы еске салды. – Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады,-дейді құқық қорғаушылар. Өз кезегінде оқушылар зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға, спортпен шұғылдануға шақырды