Шымкент полицейлері анафилактикалық шок алған ер адамды ауруханаға жеткізуге көмектесті

Шымкент полицейлері анафилактикалық шок алған ер адамды ауруханаға жеткізуге көмектесті

 

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары Нұрсәт шағын ауданында кезекшілікте жүргенде, дәріхана жанында «шу» болып жатқанын байқайды.

Жергілікті тұрғынның дәріге қатты аллергиялық реакциясы болған. Ер адамның жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл ауруханаға жеткізу қажеттілігі туындаған.

Қарбалас кездегі көлік кептелісі уақытты жоғалтатынын, оның онсыз да аз екенін түсінген полицейлер келген жедел жәрдемді медициналық мекемеге дейін жеткізіп салуды ұйғарған.

Осылайша, тәртіп сақшылары арнайы жарық және дыбыс сигналдарының көмегімен азаматты ауруханаға қауіпсіз әрі жылдам жеткізуге көмектесіп, мамандардың қолына тапсырды.

«Мұндай сәттерде біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, мүмкіндігінше көмектесеміз. Өйткені, ең бастысы адам өмірінің қауіпсіздігі», - деп атап өтті патрульдік полиция қызметкерлері.