Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді

Шымкентте борышкер жүргізушілерден 20 млн теңге өндірілді

 

Мегаполис аумағында 4-8 желтоқсан аралығында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Шараның екі күнінде полиция қызметкерлері мен атқарушылық іс жүргізу органдарының мамандары бірлесіп берешегі бар көлік тізгіндеушілерінен 20 миллион теңгеден астам қаражат өндірді.

Сондай-ақ, қарызын өтеуден жалтарып жүрген жүргізушілерге төленетін төлемдер туралы ескертіліп, 119 автокөлік айыптұраққа қамалды.

Мәселен, күні кеше Қонаев даңғылының бойында «Chevrolet Damas» автокөлігі тоқтатылып, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның көлік басқару құқығы шектелгені және 39 млн теңге өтелмеген қарызы бар екені анықталды. Көлік бірден айыптұраққа қойылды.