Полицияның «102» арнасына қарт кісі көмек сұрап хабарласты. Ол өзінің 8 жастағы немересі түскі сағат 13:00 шамасында үйінен ойнауға шығып, із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізді.
Әжесі екеуі 3 сағат бойы өздігінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.
Жоғалған баланы жедел іздестіру шараларына Патрульдік полиция полкінің жеке құрамы жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді.
Өз бетінше іздеуге кеткен уақыт пен баланың өміріне төнуі мүмкін қауіп-қатердің барлығы ескерілді. Жарты сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, бүлдіршін 4 шақырым қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды.
Бала аман-есен ата әжесіне тапсырылды. Өз кезегінде жергілікті азамат тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.
Шымкент полициясы тұрғындарды үйдегі кішкентайлар мен жасөспірімдерге аса мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ, баланы қараусыз қалдырудың соңы әртүрлі қайғылы жағдайлармен аяқталуы мүмкін екенін ЕСКЕРТЕДІ!