Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінді.
Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе, бопсалаушы оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен.
Өз беделіне алаңдаған қала тұрғыны шабуылдаушының шартымен келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.
Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде қорқытып алу» бойынша СДТБТ-не тіркелді.
Ұсталған адам өзінің досы болып шыққанын білген арызданушының таңданысы мен ренішінде шек болмады.
Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған.
Бопсалаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі заманда адамның теріс әрекеттері көбінесе бопсалаушылардың қолындағы қаруға айналады. Мұндай жағдайда қаржылық шығынға жол бермеу үшін қылмыскердің жетегінде кетпей, дереу полицияға хабарласу қажет.