Шымкент: Полицейлер дүкеннен ұстара ұрлаған азаматты ұстады

Шымкент: Полицейлер дүкеннен ұстара ұрлаған азаматты ұстады
 
2023 жылдың 9-қаңтарында Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда, 2022 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 20:30 шамасында өзінің меншігіндегі ірі сауда орталығына белгісіз тұлға ұрлыққа түскенін жазған. Сауда сөрелеріндегі 30 706 (отыз мың жеті жүз алты) теңге тұратын 4 дана «Gillette» ұстарасын, сондай-ақ 5259 (бес мың екі жүз елу тоғыз) теңгелік сүт өнімдерін («Достойный выбор» ірімшігі - 2 дана) жасырын түрде байқатпай ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі - 41 224 (қырық бір мың екі жүз жиырма төрт) теңгені құрап отыр.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.
Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, тәулік ішінде қолға түсті. Ол Шымкент қаласының 52 жастағы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.
Тергеу барысында ұсталған азамат дүкеннен аталған заттарды ұрлағанын толық мойындады. Қазіргі кезде айғақты заттар тәркіленіп алынды. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасып жатыр.