Шымкент: Жиырма күнде автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған 710 жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент: Жиырма күнде автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған 710 жүргізуші жауапқа тартылды
 
Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады. Қала аумағында жиырма тәулік ішінде терезелері күңгірттелген 710 автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, 750 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес (5) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Полиция қызметкерлері терезенің жарық өткізу талаптарының (нормаларынан) асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.