Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда
 
Шымкентік полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қаладағы білім беру ұйымдарына «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында №33 жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Анар Махсудова мен полиция аға лейтенанттары Самат Анарбаев пен Қайрат Махамбетов мектеп оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.
Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.
Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.