Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда
 
Шымкентік полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептерінде «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жасұлан Әбдуали Саз мектебінің оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.
Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.