Аталған іс-шараның 3 күндік қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 503 құқық бұзушылықты анықтады. Олар:
- ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) бойынша – 52;
- ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзу) бойынша – 23;
- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) бойынша – 47;
- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) бойынша – 4;
- ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) бойынша – 42;
- ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) бойынша – 140;
- ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша – 37 және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, 8 автобус паркінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.