Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда

Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда
Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда
Қаратау ауданының тәртіп сақшылары Сайрам тұрғын алабында орналасқан фастфуд орталығының карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 21:30-ға дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі