Шымкенттік полицейлер 100 адамнан асатын тойды тоқтатты

Шымкенттік полицейлер 100 адамнан асатын тойды тоқтатты
Шымкенттік полицейлер 100 адамнан асатын тойды тоқтатты
Кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының полицейлері Ш.Уалиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантиндік талаптарды сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады. Аталған тойхана эпид ахуалға(қызыл аймақ) қарамай, 100 адамнан асатын "Үйлену тойын" өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар, мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, мекеме әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі