Жедел басқару орталығына бір апта ішінде 8 мыңнан астам қоңыраулар қабылданды

Жедел басқару орталығына бір апта ішінде  8 мыңнан астам қоңыраулар қабылданды
 
Жедел басқару орталығына бір апта ішінде 8 мыңнан астам қоңыраулар қабылданды
2021 жылдың 28-маусым мен 4-шілде аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түрлі сипаттағы 8055 қоңырау келіп түсті. Оның - 3519 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 4 қылмыс ашылды.
Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 921 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 29 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 54, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 36, жол қозғалысы ережелерін бұзу 693 және өзге де 109 құқық бұзушылықтар.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі