Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі қарқынды жұмыс жасауда

Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі қарқынды жұмыс жасауда

Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі қарқынды жұмыс жасауда
Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ғимаратының алдындағы фронт-офис карантин режимінің еңгізілуіне байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Ағымдағы жылдың 26 ақпанынан бастап аталмыш азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі жұмысын қайта жандандырды. Фронт-офис мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында ашылған болатын. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алады. Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесіне келген азаматтардың ыңғайлылығы үшін күту орындары, ресепшн орнатылған. Арыздардың басым бөлігі әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болғандықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге қатысты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.
Сіз ішкі істер органдарына қатысты мәселеңізбен өз ауданынызға қарасты Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау бөлмесіне жүгіне аласыз. Шымкент қаласының Полиция департаменті