Шымкент: Абай ауданының Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрғындардың алғысына бөленді

Шымкент: Абай ауданының Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрғындардың алғысына бөленді

Шымкент: Абай ауданының Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрғындардың алғысына бөленді
2021 жылғы 25 ақпан күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізу барысында Абай ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптыларға қызмет көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылардың жеке басын анықтайтын құжаттары ауыстыру уақыты келіп қалған. Бұл санаттағы адамдардың үйден кіріп-шығу қиын болғандықтан, Көші-қон қызметкерлері үйіне арнайы барып, олардың біреуіне дайын құжатты табыстаса, екіншісіне жеке куәлік алуына тиісті құжаттар рәсімдеді. 20 күн аралығында жаңа жеке куәлігі жасалынып, оған табысталатын болады.
Денсаулығына және ауа-райының қолайсыздығына байланысты құжаттарын жасап берген Абай АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне ерлі-зайыптылар алғыстарын жеткізді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі