Шымкенттік жедел уәкіл – республикалық байқаудың жүлдегері

Шымкенттік жедел уәкіл – республикалық байқаудың жүлдегері

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері полиция капитаны Әбдіқаппар Оралхан Ішкі істер министрлігінде өткен «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауында ІІ орын иеленді.

Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 2015 жылы бастап, осы уақыт аралығында жедел-іздестіру бағытында мол тәжірибе жинақтады. Бүгінде Шымкент қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі болып қызмет атқарады.

Қызмет жолында адал еңбек етіп, кәсіби білімі мен тәжірибесін шыңдаған офицер қылмыстарды ашу мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.

Айта кетерлігі, ол отбасында полиция саласын таңдаған алғашқы жан. Осы мамандықты саналы түрде таңдап, бүгінгі нәтижесімен өз еңбегінің жемісін көрсетіп отыр.

Республикалық байқаудағы жүлделі орын – кәсібилік пен табанды еңбектің нәтижесі.