Шымкентте интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қала көшелерінде LED-экранмен жабдықталған арнайы автокөлік арқылы интернет-алаяқтықтың түрлері мен одан сақтану жолдары туралы бейнероликтер көрсетілуде.

Тұрғындарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігі түсіндірілуде.

Полиция тұрғындарды интернет кеңістігінде қырағы болып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.