
Іс-шара барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне ұсынылған «Тасқын», «Көшпенділер», «Қан мен тер», «Абай жолы» секілді басқа да шығармалар талқыланды.
Қатысушылар кітаптардың мазмұны мен негізгі идеялары бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салып, шығармалардағы тағылымды дүниелердің полиция қызметіне ықпалы және оларды күнделікті қызметте қолдану мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара соңында оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында «Kitapal» кітап дүкенінің сертификаттары сыйға тартылды.