
Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Жол техникалық инспекция тобының қызметкерлері қала аумағындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күнделікті тиісті жұмыстар атқаруда.
Қызметкерлер жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты келіп түскен арыз-шағымдар мен өтініштерді дер кезінде қарап, көрсетілген мекенжайларға барып, жол жағдайын зерделейді.
Тексеру барысында жол белгілерінің болуы мен олардың дұрыс орналасуы, жасанды жол кедергілерін орнату қажеттілігі, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы, жол таңбалары, бағдаршам нысандары және жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де инфрақұрылым элементтері назарға алынады.
Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мекемелерге оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде тиісті нұсқамалар беріледі. Қажет болған жағдайда жол белгілерін орнату немесе қалпына келтіру, жасанды жол кедергілерін қою, жол таңбаларын жаңарту және қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.
Әкімшілік полиция басқармасы жол инфрақұрылымындағы әрбір мәселенің дер кезінде қаралып, анықталған кемшіліктердің жойылу