«Түнгі қала»  жедел-профилактикалық іс-шарасы 

«Түнгі қала»  жедел-профилактикалық іс-шарасы 

Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Түнгі қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, криминогендік ахуалға тұрақты бақылау жүргізуде. Қала көшелері, қоғамдық орындар, ойын-сауық нысандарының маңы және азаматтар көп шоғырланатын аумақтар рейдтік іс-шаралармен қамтылуда.

Негізгі назар қоғамдық тәртіпті бұзу, түнгі тыныштықты сақтамау, дрифт және заңсыз көше жарыстарын ұйымдастыру, жол қозғалысына кедергі келтіретін автокөлік кортеждері, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару және жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу фактілерін анықтауға бағытталған.

Анықталған құқық бұзушылықтардың әрбір дерегі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Полиция тарапынан қала аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы тәртібін қамтамасыз ету бағытындағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар жалғасуда.