
Шымкент қаласында полицейлер пәтерден ұрлық жасаған күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол пәтерге үй иелері болмаған кезде кіріп, ноутбук пен смартфонды ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған смартфон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Полиция азаматтарды үйлер мен пәтерлердің қауіпсіздігіне мұқият болуға, есік-терезелерді ашық қалдырмауға және ұзақ уақытқа үйден кететін жағдайда қауіпсіздік шараларын алдын ала қамтамасыз етуге шақырады.