ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫН ЖЫЛЫ ЛЕБІЗБЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫН ЖЫЛЫ ЛЕБІЗБЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Қостанай қаласында өткен Жас жол инспекторларының XXI республикалық слетіне қатысып, Шымкент қаласының намысын абыроймен қорғап қайтқан жас инспекторларымыз туған қаласына оралды.

Шымкент қаласының теміржол вокзалында жас жол инспекторларын Әкімшілік полиция басқармасы мен Патрульдік полиция полкі қызметкерлері жылы қарсы алды.

Кездесу барысында слетке белсене қатысып, білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білген жас жол инспекторларына Полиция департаменті бастығының орынбасары Улугбек Мылтыковтың атынан Алғыс хаттар табысталды.

Слеттің әр кезеңінде тәртіптілік, ұйымшылдық пен командалық бірліктің үлгісін көрсете білген балапандарымызға полиция қызметкерлері ізгі тілектерін білдіріп, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

Шымкент қаласының абыройын асқақтатып, туған қаласына жарқын жетістіктермен оралған жас жол инспекторлары – біздің мақтанышымыз! Жарайсыңдар, балапандар! Жеңістерің еселеніп, алар асуларың биік болсын!