
Шымкент қаласындағы мамандандырылған «Жас сақшы» сыныптарында білім алатын оқушылардың ата-аналары балаларға арналған жазғы лагерьді ұйымдастырғаны үшін қала әкімі Ғабит Сыздықбековке және Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевқа алғыстарын білдірді.
Жас сақшылар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы резиденциясы аумағында орналасқан дарынды балаларға арналған лагерьде 12 күндік демалыс ұйымдастырылды.
Лагерь барысында балалар уақыттарын тиімді өткізіп, танымдық және пайдалы іс-шараларға қатысты. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және күнделікті өмірде қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған сабақтар өткізді.
«Балаларымыз үшін бұл жазғы демалыс қызықты әрі пайдалы өтті. Олар жаңа білім алып, жақсы әсер жинады. Балаларға көңіл бөліп, осындай мазмұнды демалыс ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз», – деді оқушылардың ата-аналары.