«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласында жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 18–21 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын басқару, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқару және басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де бағытталған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған жаяу жүргіншілерге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданады.

Құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет.