Судағы қауіпсіздік – басты назарда

Судағы қауіпсіздік – басты назарда

15–20 тамыз аралығында «Назар аударыңыздар, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция тобы мен учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы су айдындарында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Атап айтқанда, Тоғыс және Бадам су қоймаларында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, шомылу кезінде сақтық таныту, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларды су айдындарында ата-аналарының қарауынсыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, жазғы демалыс кезінде жасөспірімдерді су айдындарында қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр ата-ананың басты міндеті!