
Сабақты Шымкент қаласы ПД ӘПБ ППП 5-ротасының қызмет инспекторлары полиция қызметкерлері Ермек Қазыбек Жеңісұлы және Ибраев Талғат Танирович өткізді.
Сабақ барысында тыңдаушыларға қызметтік және көлік тәртібін қатаң сақтау, қызметтік автокөлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау, жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ қызмет барысында жауапкершілік таныту мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, тақырып бойынша практикалық сабақ өткізіліп, тыңдаушыларға қызметтік автокөлікті қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану бойынша тәжірибелік дағдылар көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ полиция қызметкерлерінің қызметтік тәртіпке деген жауапкершілігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және кәсіби даярлығын жетілдіру.