Жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсетілді

Жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсетілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінде жас мамандардың кәсіби бейімделуін қолдау, психологиялық тұрақтылығын нығайту және қызметтік міндеттерді тиімді орындау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Өмірге құштарлық» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара барысында қызметтік этика, кәсіби қарым-қатынас мәдениеті, күйзелісті басқару, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау және күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету тәсілдері түсіндіріліп, тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырылды.

Семинар спикері – PhD докторы, тәжірибелі психолог, Еуропалық гештальт терапия қауымдастығының (EAGT) талаптарына сәйкес сертификатталған гештальт-терапевт, Мәскеу Гештальт және Психодрама институтының (МИГИП) ассистент-тренері, «INSAN» практикалық психологиялық орталығының директоры Салтанат Сайлауқызы Асанова. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қызмет барысында психологиялық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.