“Балалар қауіпсіздігі” іс-шарасы: Шымкентте кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер өтті

“Балалар қауіпсіздігі” іс-шарасы: Шымкентте кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер өтті

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Балалар қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қала прокуратурасы және әкімдіктің қызметкерлерімен бірлесіп, ойын-сауық орындарында, саябақтарда, сауда орталықтарында және басқа да қоғамдық орындарда рейдтік жұмыстар жүргізді.

Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар анықталды. Олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту.