1 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы Заңға қол қойды.
Рақымшылық қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтін жағдайларда ғана қолданылады.
Осы орайда, Шымкент қаласында рақымшылық нәтижесінде 55 мыңнан астам азамат әкімшілік айыппұл төлеуден босатылды. Жалпы сомасы 2 миллиард теңгеге жуық айыппұлды өндіріп алу тоқтатылды.
Бұл көптеген азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және заңның ел аумағында біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген ең ауқымды әкімшілік рақымшылықтардың бірі болды.