Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағында «Ауладағы қабылдау» акциясы өткізілуде.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағында «Ауладағы қабылдау» акциясы өткізілуде.

2026 жылғы 20–26 шілде аралығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағында «Ауладағы қабылдау» акциясы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындармен тікелей кездесіп, олардың арыз-шағымдары мен ұсыныс-пікірлерін тыңдау, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Акция барысында полиция қызметкерлері тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды толғандырған сұрақтарға жауап беруде. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қауіпсіздікті күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдануда.