Азаматтардың алғысы – біз үшін ең үлкен марапат!

Азаматтардың алғысы – біз үшін ең үлкен марапат!

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай аудандық полиция басқармасына азамат Молдасейтов Әлімбек Құсайынұлы жүгініп, танысы Арманның жылқы сатып әкелемін деген сылтаумен алған ақшасына қатысты арызданған болатын.

Аталған арыз бойынша полиция қызметкерлері барлық қажетті тексеру және тергеу әрекеттерін жүргізіп, істің мән-жайын жан-жақты анықтау бағытында заң аясында тиісті жұмыстар атқарды. Нәтижесінде арыз иесінің құқықтары қорғалып, мәселенің оң шешілуіне ықпал етілді.

Осыған байланысты азамат Молдасейтов Әлімбек Құсайынұлы Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.

Азаматтардың сенімі – біздің басты құндылығымыз. Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметімізді адал атқара береміз.