
2026 жылғы 20–26 шілде аралығында өткізіліп жатқан «Ауладағы қабылдау» және «Ішімдіксіз аула» Шымкент қаласы аумағындағы профилактикалық іс-шаралары шеңберінде Шымкент қаласы, Терешкова көшесі №18 үйдің тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері тарапынан интернет-алаяқтықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың кері салдары, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар тұрғындарға сақтық шараларын сақтау, заң талаптарын қатаң орындау, күмәнді жағдайлар мен құқық бұзушылықтар туралы полиция органдарына уақытылы хабарлау қажеттілігі түсіндіріліп, тұрғындардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.