
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев Абай ауданына қарасты Нұр-Шуақ және Достық шағын аудандарының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.
Жиын барысында қоғамдық және жол қауіпсіздігі, учаскелік полиция инспекторларының қызметі және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Департамент басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, тұрғындармен тығыз байланыс орната отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.