«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шымкент қаласы Полиция департаменті ағымдағы жылдың 15–31 шілде аралығында қала аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды анықтау, азаматтық және қызметтік қарулардың сақталуы мен пайдаланылуын бақылау, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осыған байланысты полиция қызметкерлері қару иелерінің сақтау талаптарының сақталуын тексеріп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Полиция департаменті азаматтарды қару сақтау және пайдалану қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.